Теннисші Жібек Құламбаева жетінші халықаралық турнирді жеңіп алды

05.11.2023, 12:41
283
Теннисші Жібек Құламбаева жетінші халықаралық турнирді жеңіп алды Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Монастир қаласында өткен ITF W25 турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанды.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Жібек Құламбаева Қытай спортшысы Гао Синьюймен бірге финалда Беларусьтің Алена Фалей мен Ресейдің Полина Яценкоге қарсы ойнап, жеңіске жетті.

Бірінші партияда Қазақстан мен Қытай дуэті қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ. Есеп 6:0 болып аяқталды.

Екінші сетте Беларусь пен Ресей теннисшілері 6:2 есебімен есе қайтарды. Содан кейін супер тай-брейкте Құламбаева мен Синьюй 10:7 есебімен таблодағы есепті өзгертті.

Осылайша Жібек Құламбаева жұптық сында кезекті титулын иеленді. Ол осымен халықаралық турнирдегі жетінші рет жеңіске жетті.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды