Алакөл ауданының шаруалары алып қызылша өсірді

05.11.2023, 18:38
283
Алакөл ауданының шаруалары алып қызылша өсірді gov.kz

Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Алакөл ауданында 20 шаруа қожалығы 500 гектарға қант қызылшасын егіп, Жетісу облысындағы қант өндірісін дамытуға үлес қосып отыр. Солардың бірі - «Сүлейменов» шаруа қожалығы. Шаруашылық алғаш рет қызылша сеуіп отырғанына қарамастан, егістіктің өнімділігі 500 центнерге дейін жетті, ал жекелеген тәтті түбірдің салмағы 6-8 килограмға дейін барып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Сүлейменов» ШҚ басшысы Жасұлан Сүлейменов биылғы жылы 8 гектар қант қызылшасын еккен. Бірінші бөлігі – 4 гектарда өнімділік 300 ц/га құрайды, ал екінші 4 гектарда бұл көрсеткіш 500 ц/га дейін барды. Осы шаруашылықта өсірілген дақылдың ең үлкенінің салмағы 8 кг 623 г жетті.

Ж. Сүлейменовтің айтуынша, ол 10 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқанымен, биыл қант қызылшасын алғаш рет отырғызған. Бұған дейін қызылша өсіруді тиімсіз және қиын жұмыс деп санап, тек майбұршақ өсірумен айналысқан екен. Дегенмен биылдан бастап қант қызылшасына төлем зауыттан берілетін сома мен мемлекеттік субсидияны қоса алғанда 40 мың теңгеге өскендіктен тәтті түбір өсірудің табыстылығы артқан. Соған орай биыл шаруашылық қызылшаға ден қойған.

- Биыл Көксу қант зауыты американдық элиталық сорт тұқымымен қамтамасыз етті. 8 гектардан 320 тонна өнім жинадық. Алқаптың бірінші бөлігінде бір тәтті түбірдің орташа салмағы  6 килограмға жетсе, ең ірісі 8 килограмнан асып отыр. Өнімдерімізді Ақсу қант зауытына өңдеуге тапсырдық. Келесі жылы тәтті түбірдің егіс алқабын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті шаруашылық жетекшісі.

Оның айтуынша, мұндай өнімділікке қол жеткізу үшін тұқымның сорты да, агротехникалық талаптарды сақтау да, баптап өсіру мен суғару да – бәрі маңызды.  

Жалпы облыс бойынша осы жылы 370 мың тонна өнім жинау жоспарланған, бұл ретте 2 қант зауыты 71 мың тонна қант өндірмек. Алакөл ауданына келсек, аудан әкімдігінің мәліметінше, осы кезеңде 52 гектардан 1250 тоннаға жуық өнім жиналды. Қазір Үшарал және Көлбай ауылдық округтерінде қызылша жинау науқаны жалғасып жатыр.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты