Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондыққа кірді

14.11.2023, 19:13
421
Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондыққа кірді Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді. Бұл туралы Халық үні хабарлап отыр.

Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты болды.

Құрама команда алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бірінші ойында Аргентина командасын 2:1 есебімен жеңгенмен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді.

Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжир жасағын 3:0 есебімен жеңіп, Колумбия мен Латвиядан да 2:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Марат Шәріповтің қарамағында жаттығатын тенниісшілер әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.

Әлем чемпионатында ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова мен Іңкәр Дүйсебай қорғады. Ал Марат Шәріпов жарысқа команда капитаны болып барды.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды