Ұлттық ядролық орталық пен Сәтбаев университеті стратегиялық серіктестік орнатуда

27.11.2023, 14:58
398
Ұлттық ядролық орталық пен Сәтбаев университеті стратегиялық серіктестік орнатуда gov.kz

Ұлттық ядролық орталық пен Сәтбаев университеті ғылыми зерттеулерді бірлесе дамыту, атом энергетикасы саласы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кадр дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы ынтымақтастық келісімге қол қойды.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі Курчатов қаласында университет делегациясының Ұлттық ядролық орталыққа сапары барысында өтті. Бұл келісім Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурстарына қатысатын ғылыми жобалардың сапасын арттыруға, атом саласы бойынша ғалымдардың жаңа буынын даярлауға, ғылыми зерттеулерді оқу үдерісіне енгізуге және атом энергетикасы саласындағы инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

«Ұлттық ядролық орталықпен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау Қазақстан тұрғындарының заманауи энергия көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ біз бүкіл қоғамның игілігі үшін жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына жету жолында тиімдірек жұмыс істей алатын боламыз», – деп атап өтті өз сөзінде Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Сонымен қатар ғылыми-зертханалық базаны бірлесіп пайдалану өнеркәсіп орындарының тиімділігін арттырудың инновациялық әдістерін дамытуға және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдарын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты