Amanzholov University-де мектеп оқушысы биотыңайтқыш әзірлеуде

04.12.2023, 18:05
382
Amanzholov University-де мектеп оқушысы биотыңайтқыш әзірлеуде gov.kz

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ұлттық ғылыми зертханасында дарынды оқушыларға ерекше мүмкіндік қарастырылған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мұнда оқушылар зерттеу жұмысымен айналыса алады.

Солардың қатарында болашақ ғалым Нина Журавлёва. ЖОО-ның аймақ мектептерімен тығыз ынтымақтастығының арқасында Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің үшінші сынып оқушысы картоп өсіру кезінде қажет биотыңайтқышты дайындаумен айналысады.

Негізгі мақсаты – өсімдікті өсіруде пестицидтерді аз қолданау.

«Менің ғылыми жобам Спирулина платенсистің көк-жасыл балдырын биотыңайтқыш ретінде қолдану туралы. Мен спирулинаны тоғыз макроэлементтер тұзын және он микроэлементтер тұзын қолдана отырып үйде өзім өсіремін», – дейді Нина Журавлёва.

ШҚУ-дың ғылыми қызметкері Валентина Николаеваның жетекшілігімен зерттеу барысында фенологиялық бақылаулар негізінде өсімдіктердің оң әсері байқалды. Нақты айтқанда, Спирулина платенсис балдырын картопты, оның тамырын суаруда тыңайтқыш ретінде қолдануда жақсы нәтиже берген.

Эксперимент нәтижесінде зерттелген үлгілер басқасынан жоғары сапалы өніммен ерекшеленді

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты