Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов

06.12.2023, 17:29
327
Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жастар тәрбиесіне теріс әсер етіп жатқан, қылмысты насихаттайтын фильмдер жайлы пікір айтты. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

«Осындай мазмұндағы фильмдерді идеологиялық қару деп бағалауға болады. Мұндай фильмдер өскелең ұрпаққа өте қатты әсер береді. Өйткені балалардың санасы әлі қорғана қоймаған, осындай фильмдердегі көріністердің бәрін өз бойына сіңіріп алады. Экраннан не көрсе, соған құмар болады. Мұндай мазмұндағы фильмдер мен сериалдар кейінгі жылдары елімізде де түсірілген, сондай-ақ беймәдени шетелдік фильмдер де баршылық. 20 жыл бұрын «Бригада» деген сериал шығып, оның кейіпкерлері жасөспірімдерге қатты әсер еткенін білеміз. Жастар солардың лақап атын қойып алып, еліктеп жүрді. Сондықтан бұл жағдайды қауіпті деп санаймын», - деді Р. Зайытов. 

Бұл тұрғыда депутат елімізде осындай жағдайлардың алдын алып, идеологиялық жағынан жақсы сериалдар мен фильмдердің санын көбейту маңызды екенін айтты.

«Министрліктің бұл бағытта мониторинг жүргізетіндей шамасы бар. Ұрпаққа, ұлтқа зияны тиетін, жастардың білім алуына бөгет жасайтын теріс идеологияға қарсы тұрып, осы мәселелерге ерекше мән беруіміз керек», - деді депутат.

Еске салсақ, жақында ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне кері әсер етіп жатқан фильмдер мен сериалдарды атап шыққан еді. 

«Балалар тәулік бойы интернетті, әлеуметтік желілерді қарап отырады. Мұнда ең танымал контент ретінде бірінші орынға зорлық-зомбылық, дөрекілік пен түрлі пранктер шығып отыр. Сонымен қатар, кейінгі кездері кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына «Черный двор», «Пацанская история», «Тараз», «Слово пацана» сияқты танымал фильмдер кері әсер етіп жатыр», - деді Р. Зұлқайыров. 

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді