“Кісі өлімі болды”: Қостанай облысында жалған хабар берген мас тұрғын анықталды

13.12.2023, 14:08
618
“Кісі өлімі болды”: Қостанай облысында жалған хабар берген мас тұрғын анықталды polisia.kz

Қостанай облысының полицейлері үйінде кісі өлтіру болды деп жалған хабар берген мас тұрғынды анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

12 желтоқсанда Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалып, оның үйінде кісі өлтіру болғанын хабарлады.

Полицейлер мекенжай бойынша келген кезде бұл дерек расталмады. Қызметкерлермен қоңырау шалушы анықталды. Ол Аманқарағай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.  Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адамда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды.

– Арнайы қызметке қасақана қоңырау шалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Осы жылдың басынан бастап Қостанай облысы бойынша арнаулы қызметтерді жалған шақырғаны үшін 330-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты