Астана клубының сарапшылары Еуразиядағы жаңа қауіпсіздік архитектурасын талқылады

13.12.2023, 18:16
1099
Астана клубының сарапшылары Еуразиядағы жаңа қауіпсіздік архитектурасын талқылады Астана клубы

Қазақстан астанасында «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында» тақырыбына арналған Astana Club VII отырысы өтті.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, cарапшылар әлемдік экономикадағы ахуалды, Орталық Азия өңірі елдерінің даму қарқынын талқылады, сондай-ақ әскери қақтығыстарды шешу мүмкіндіктерін қарастырды.

Астана клубының басты миссиясы – жаһандық үрдістерді талдау және жалпы әлемге, атап айтқанда Үлкен Еуразия аймағына әсер ететін аса маңызды мәселелердің шешімін табу. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры.

Биыл мұндай тақырыптың таңдалуы Еуразияда түбегейлі жаңа қауіпсіздік архитектурасын құру тәсілдерін әзірлеу қажеттілігіне байланысты. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдататын негізгі мәселе – жарты ғасыр бойы қалыптасқан халықаралық тәртіп толығымен жоғалып кетті. Сондықтан, сарапшылар атап өткендей, біз білетін өркениетті жоюға қабілетті қиындықтарға қарсы тұрудың тиімді құралдарын табуға тырысу маңызды.

Астана клубының пленарлық отырысында дәстүр бойынша Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев қатысты. Ол халықаралық аренадағы текетірестердің күшеюі, ядролық қауіпті төмендетуге қатысты ынтымақтастықтың әлсіреуі сынды себептер жаңа геосаяси ахуалдың қалыптасуына негіз болғанын жеткізді.

«Еліміз ядролық қарусыздану ісіне елеулі үлес қосты. Мені ядролық апат қаупі алаңдатып отыр. Бұл орайда, жаһандық деңгейдегі саяси ерік-жігерсіз нақты прогреске қол жеткізу мүмкін емес», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Клубтың VII отырысы әлемдік экономика және геосаясаттағы жаһандық трансформация, сондай-ақ өңірлік даму мәселелеріне арналды. Сессиялардың бірінде өткен жылдардағы жинақталған жаһандық өсу динамикасын «жоятын» және фрагментация үрдісін жеделдетін әлемдік экономикадағы күйзеліс егжей-тегжейлі қаралды. 

Марк Узан, Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің бас директоры және негізін қалаушы (RBWC) бүгінде әлем ұзақ уақытқа созылатын жаңа макроэкономикалық парадигмаға ауыса ма, әлде барлық елдер бірінен соң бірі күйзеліске ұшырай ма деген сұрақ туындайтынын атап өтті. 

«Жаһандық пандемия, жеткізу тізбегінің бұзылуы, соғыстар жаһандық сауданың сенімділігіне күмән келтірді. Энергетикалық дағдарыс өзара тәуелділіктің нәзік екендігін көрсетті», - деді Марк Узан.

Тиімді логистика жөніндегі жаһандық коалицияның тең төрағасы (GCEL), ЕЫДҰ бас хатшысының орынбасары (2011-2014), Бельгияның экс премьер-министрі Ив Летерм мынаны атап өтті: 

«Белгілі болғандай, экономикалық прогресс автоматты түрде батыстық үлгідегі демократияға әкелмейді, бірақ еркін сауда мен еркін нарық либералды демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге ықпал етеді».

Сарапшылар Орталық Азияның, атап айтқанда Ауғанстанның болашағын талқылады. Санкциялар, украин қақтығысы және Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі де басты назарда болды.

Испания Премьер-Министрі (2004-2011) Хосе Луис Сапатеро ХХІ ғасырда әлем барлық елдердің және көпжақты халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, барлық зиялылардың және жалпы әлемдік қоғамдастықтың ортақ мақсаты болуы керек екенін атап өтті.

«Адамзат тарихында бізге үміт беретін және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдайтын құндылықтарды ұстану өте маңызды. Жанжалдарды бейбіт жолмен шешу өзара ынтымақтастықтың міндетті шарты болып табылады», - деді спикер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебреисус өзінің бейне хабарламасында жаһандық бейбітшілікке жету идеяларын қолдады.  

«Біріншіден, біз денсаулық сақтауды бейбітшілік үшін көпір ретінде қарастыруымыз керек. Денсаулық сақтау – бүкіл әлем елдері идеологиялық сәйкессіздіктерге қарамастан жұмыс істей алатын бірнеше бағыттардың бірі», - дейді ДДҰ басшысы.

Пікірталаста сонымен қатар АҚШ пен Қытай сияқты екі «алыптың» текетіресі, жаһандану мен блокализация тенденцияларын талдау тақырыптары қозғалды. Соңында қатысушылар климаттық күн тәртібі тақырыбында пікір алмасты және жасанды интеллекттің адамзат өмірінің барлық салаларына ықпалының өсуін талқылады.

Биылғы Астана клубына АҚШ, Қытай, Ресей, Испания, Бельгия, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және басқа да елдерден 40-тан астам спикер қатысты.

«Астана клубының» VII отырысының спикерлері қатарында Данило Тюрк, Вук Еремич, Урбан Руснак, Чон Рэ Квон, Йоханнес Линн, Бруно Масаеш, Ариэль Коэн, Джеймс Линдси, Эдвард Люттвак, Эван Фейгенбаум, Майкл Пиллсбери, ЧжаоХуашэн, Ник Гоуинг, Пепе Эскобари сияқты танымал халықаралық саяси қайраткерлер мен сарапшылар болды.

 

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды