Қостанай облысында жүк көліктің жүргізушісі полиция бекетін айналып өтпек болып, жолдан шығып кетті

13.12.2023, 20:04
309
Қостанай облысында жүк көліктің жүргізушісі полиция бекетін айналып өтпек болып, жолдан шығып кетті polisia.kz

Қостанай облысында жүк көліктің жүргізушісі полиция бекетін айналып өтпек болып, жолдан шығып кетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Аймақта бір апта бойы қатты аяз болды. Ауа температурасы төмен болғандықтан, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды. 

13 желтоқсанда Меңдіқара ауданында 26 бас ІҚМ тасымалдаған КАМАЗ жүргізушісі Қостанай – Введенка айналма жолында полиция бекетін айналып өтпек болып, көктайғақ салдарынан кюветке түсіп кетті.  Меңдіқара полиция бөлімінің осы бағыттағы жолды жауып тастаған қызметкерлері көмекке барды.

Жүргізуші мен жануарлар зардап шеккен жоқ. Ірі қара малды тасымалдау құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары заң бұзушылықтарды анықтады. 11 бас мал  үшін анықтамалардың мерзімі өтіп кеткен. Жиналған материал сот талқылауына, ветеринарлық инспекцияға жіберілді. Полицейлер жүргізушіге көмек көрсетіп, таңертеңге дейін жүк көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Таңертең көлік кюветтен аман-есен шығарылды.  

Осы оқиғадан бір күн бұрын, Лисаков қаласының Октябрь кентінің маңында учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиев таңертеңгі сағат бесте қарда тұрып қалған көлікті сүйреп апарды. Жүргізуші мен жолаушы полицейге көмегі үшін алғыс айтты. .


Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты