Елімізде жас ғалымдарға жағдай жасала бастады

28.12.2023, 13:26
414
Елімізде жас ғалымдарға жағдай жасала бастады canva.com

Қазақстан жас ғалымдар үшін барынша қолайлы орта қалыптастыруға ұмтылуда. Ғалымдарға қолдау көрсету қажеттігі және елімізде ғылыми кадрлардың тапшылығы көптен бері және жүйелі түрде айтылып келеді. Бұл туралы Еnergyprom мониторинг ресурсы хабарлап отыр.

 

Kazinform мәліметінше, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 90-шы жылдардың қиын-қыстау кезеңінде Қазақстанның 30 мыңнан астам ғалымнан айрылуы — еліміздің ғылыми әлеуетіне ауыр соққы болғанын айтты.

Жас ғалымдарды қолдау, оларды ел ішінде қалдыру мақсатында түрлі шаралар атқарылып жатыр. Сонымен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов жаңартылған заң жобаларының арқасында қазақстандық ғалымдар үздіксіз, тұрақты жалақы алып, грантқа тәуелді болмайтынын айтты.

Сонымен қатар, «Отбасы банкі» арқылы жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ететін маңызды бағдарлама — жеңілдікпен несиелендіру қолға алынды.

Әлеуетті қарыз алушылардың тізімінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 53 ұйымның жас ғалымдары бар.

Бағдарлама жас ғалымдарға алғашқы пәтерін сатып алуға және сәйкесінше туған елінің игілігі үшін ғылыми зерттеуді жалғастырып, Қазақстанда қалуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша несиенің максималды сомасы — 20 млн теңге, несие мерзімі — 19 жылға дейін, мөлшерлемесі — бар болғаны жылына 5% (ЖТПМ — 5,2%-дан бастап).

Жас ғалымдар ең көп дегенде 20 млн теңге несие алса, алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем мөлшері — 155 мың теңге, одан кейінгі жылдары 84 мың теңгеге дейін төмендейді.

Осылайша Отбасы банкі мен тиісті министрлік ғылыммен және зерттеумен айналысатын жастардың өмірін жайлы етіп, Қазақстанның академиялық ортасын жақсартуға ықпал етіп отыр.

Бағдарлама 1 желтоқсаннан бастап іске қосылды.

Алғашқы айда 16 ғалым 311 миллион 415 мың теңге несие алып үлгерді.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті