Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

03.01.2024, 17:41
311
Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті polisia.kz

Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қызылорда облысы ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөліміне ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 газ құбырын ұрлап кеткен.

Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды.

Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілердің облыс аумағында болған осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Қазақстан Президенті ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті Euronews Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады Әкесінің атына несие рәсімдеген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды Инновация және тәжірибе: Қазақстан делегациясы ШЫҰ Жоғарғы соттары төрағаларының ХІХ кеңесіне қатысты Астанадан пәтер, Дубайға жолдама және көлік: елдегі ең қымбат той қай депутаттың құрметіне жасалды "Ешқайда шыққанын қаламаймын": Жахан Отарғалиев ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты Ақтөбедегі атыс: бір адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды Алматыда бірыңғай туристік билет іске қосылды Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады Маңғыстау облысында бюджеттен 29,5 млн теңге жымқырған колледж басшысы 7 жылға сотталды Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті "Зорлап, видеоға түсірген": белгілі журналист Қызылордада 20 жастағы қыздың ісін полиция қарамай жатқанын айтты Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керек – Үкімет басшысы Жезқазғанда көлік тізгініндегі бес жасар бала бірнеше адамды қағып кетті "Сірке суын шашып, есірткі егеміз деп қорқытты": Алматыда зорланған қыз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты Жұлдыз Әбдікәрімова қалыңдық көйлегін киген суретін жариялады Жаңаөзенде түлектер ұстазына 3 бөлмелі пәтер сыйлады Атыраудағы май ауыстыру орталығында Газель өртеніп кетті БҚО-да анасын өлтірген тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды