Saginov University-нің «Material and mechanical engineering technology» журналы Scopus-қа енді

09.01.2024, 17:19
532
Saginov University-нің «Material and mechanical engineering technology» журналы Scopus-қа енді gov.kz

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Material and Mechanical Engineering Technology» халықаралық ғылыми журналы Scopus деректер базасына енді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл машина жасау, материалтану және мехатроника саласындағы жоғары ғылыми мәртебені растайды.

«Material and Mechanical Engineering Technology» журналы жылына төрт рет ағылшын тілінде шығады және Қазақстан Республикасында, ТМД елдерінде және шетелде таратылады. Жариялау CC-BY 4.0 лицензиясының талаптарына сәйкес Интернетке қолжетімділікпен электрондық форматта жүзеге асырылады. Журнал е-library базасында және Қытайдың CNKI халықаралық деректер базасында индекстелген. Бұл материалтану, машина жасау және мехатроника саласындағы ағымдағы зерттеулерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Мақалаларды жіберу процесі авторлар үшін барынша ыңғайлы және mmet.kstu.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым мен жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілгенін атап өткен жөн.

Бұл маңызды оқиға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әлемдік ғылыми қоғамдастыққа белсенді қатысуға және инженерия мен технология саласындағы озық зерттеулерді ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсетеді.

«Material and Mechanical Engineering Technology» - 2020 жылдан бері шығарылып келе жатқан рецензияланған халықаралық ғылыми журнал екендігін атап өтеміз. Ол осы салалардағы заманауи жетістіктерді қамтитын түпнұсқа ғылыми және шолу мақалаларын жариялауға арналған платформаны ұсынады.

Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)