Amanzholov University студенттері Қазақстандағы туризмді дамыту жобасын ұсынды

09.01.2024, 18:35
315
Amanzholov University студенттері Қазақстандағы туризмді дамыту жобасын ұсынды gov.kz

ШҚУ студенттері туризмді дамытуға және елдің ерекше орындарын насихаттауға бағытталған инновациялық жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Альмира Айдарқанова, Аяулым Нұрбек және Ксения Троеглазова шетелдіктерге Қазақстанды таныстыруда үстел ойындары мен Lapbook дидактикалық құралдарын пайдалануды ұсынады.

Мәселен, «Қазақстан» үстел ойындары дәстүрлі ұлттық элементтерді негізге алған. Соның арқасында мемлекетіміздің тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат алуға болады. Адамның есте сақтау қабілеті мен қырағылығын арттыруды көздеген ойынның ережесі үш тілде берілген.

Ал, Lapbook – мемлекеттік рәміздер, ел аумағы, фаунасы мен флорасы, ұлттық киімдер, тағамдар, ою-өрнектер мен музыкалық аспаптар туралы бөлімдері бар интерактивті папка. Әзірлемеде ұлттық тағамдарды қалай дайындауды көрсететін және қазақша әндерді қалай айту керектігі түсіндірілген QR-код арқылы істейтін функция бар.

Стартап авторларының айтуынша, әзірлеген жоба қазақстандықтардың патриоттық санасын оятуға және шетелдіктердің Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты