Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді

11.01.2024, 15:43
1858
Қазақстан мен Беларусь арасында «түсінбестік» туындады. Сауда министрі түсінік берді Sputnik / Виктор Толочко

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның жүк тасымалдаушылары Беларусь арқылы неге Еуропаға өте алмай жатқанына түсінік берді. Бұл туралы Halyq Uni хабарлап отыр.

Ведомство басшысы мұндай мәселе барын мойындады.

Биыл 8 қаңтардан бастап осындай мәселе туындады. Қазір Ресей және Беларусьтегі әріптестерімізбен бірге оны талқылап жатырмыз. Біз бұл мәселені комиссияға ресми түрде жібереміз. Бүгінде олардан жауап күтіп отырмыз. Менің ойымша, бұл – кедергі, техникалық барьер. Олай болмауы керек, - деді Арман Шаққалиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министр мәселе жақын арада шешілмесе, Беларусь әрекетін Қазақстан тарапы ресми түрде кедергі деп санайтынын жеткізді.

Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың интеграция шарттарына сәйкес келмейді. Біздің әріптестеріміз (Беларусь тарапы) мұны қауіпсіздіктің мәселесі дейді. Олар шарттың 29-бабында ондай негіз барын айтады. Алайда бұл мәселеге біз басқаша қараймыз. Бұл тауар қозғалысын шектейді. Мәселені тиісті деңгейде реттей алмасақ, ресми түрде комиссия қарауына мұны кедергі ретінде енгіземіз, - деді басшы.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр дәстүрлі сауда жолдары үзіліп, Қазақстанның балама жол іздеуге мәжбүр екенін айтқан еді. Сондай-ақ еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтіні хабарланды.

Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты (видео) Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО) Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео) «RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды