Назарбаевтың ескеркіші не үшін алынып тасталғаны белгілі болды

12.01.2024, 17:40
4523
Назарбаевтың ескеркіші не үшін алынып тасталғаны белгілі болды elmedia

2020 жылы қойылған ескерткіш не үшін сүрілді?

SmartNews басылымының хабарлауынша, 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің 80 жылдығына орай тұрғызылған ескерткіш алынып тасталды. Бұл туралы бірқатар басылымдар жазған болатын.

Желіде Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші бөлшектелгені туралы ақпарат пайда болды. Orda.kz тілшісіне басшылық қазір ескерткіш жоқ екенін растағанмен, егжей-тегжейін жариялаудан бас тартқан.

Ал Қорғаныс министрлігі ескерткішті бұзу туралы түсініктеме берді:

"Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан ескерткішті ҚР Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосының ғимаратында уақытша сақтаулы тұр. Дайындық іс-шаралары өткізілгеннен кейін ескерткіш орнату үшін мұражай ғимаратына көшіріледі", деп қосты министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаттары "Елбасы" сөзін Ұлттық қорғаныс университетінің атауынан алып тастауға шешім қабылдады. Жоғары оқу орнының атауы ҚР Тұңғыш Президенті туралы Заңның қолданылуының тоқтатылуына байланысты өзгертіледі.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты