Гонконгтік ғалым Бөкетов университетінде туберкулезге қарсы жобамен айналысуда

14.01.2024, 14:03
387
Гонконгтік ғалым Бөкетов университетінде туберкулезге қарсы жобамен айналысуда gov.kz

Философия докторы (PhD) Ченг Сию Ин Қарағандыдағы Бөкетов университетінің басқа да жас ғалымдарымен бірлесіп, туберкулезге қарсы препараттарды тасымалдауға арналған полисахаридтер мен олардың кешендерін пайдалана отырып, нанотасымалдаушыларды әзірлеу жобасымен жұмыс істеуде. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Зерттеу химия факультетінің «Химиялық материалтану» зертханасында жүргізілуде.

Ченг Сиу Ин биополимерлердің нанобөлшектерін алу үшін атомдық күш пен сканерлеуші электронды микроскоп, бөлшектердің лазерлік анализаторы, т.б. заманауи жабдықты пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері полимер химиясына, фармацевтикаға, нанотехнологияға және медицинаға айтарлықтай үлес қосуға уәде береді.

Жоба сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған коллоидтық жүйелер тұжырымдамасын әзірлеуді және табиғи реагенттерді қолдана отырып, хитозан мен геллан негізіндегі полиэлектролит кешендерінің қалыптасу процесін зерттеуді мақсат етеді.

Бұл өз кезегінде нанотехнологияны медицинада қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, ал коллоидтық жүйелердегі мукоадгезиялық материалдардың шырышты тіндермен әрекеттесуі жаңа мүмкіндіктер мен ашылуларға әкелуі мүмкін.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты