Жұбанов университетінің ғалымдары АҚШ-та STEM бағытында оқыту әдістерін үйренді

16.01.2024, 13:09
499
Жұбанов университетінің ғалымдары АҚШ-та STEM бағытында оқыту әдістерін үйренді gov.kz

АҚШ елшілігінің қолдауымен Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестеріне (American Councils for International Education) Пурдью (Purdue University) американдық жетекші зерттеу университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы бірлескен жоба жоспарын тапсырып, 2023 жылы грант иегерлері тізіміне енген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Нәтижесінде, отандық университеттердің 40-тан астам профессор-оқытушылар құрамы біліктіліктерін арттырып, 120 сағаттық халықаралық сертификатқа ие болды.

Жобаның басты мақсаты – академиялық трансформация жолындағы STEM оқыту әдістерін жетілдіру («Leading Aacademic Transformation: Enhancing STEM instructional methods»). Жоба аясында университеттің STEM бағытындағы оқытушыларына Purdue University ұсынған онлайн және офлайн курстары өткізілді. Өткен жылғы маусым айында тәжірибелік курстарды Пурдью университетінің қауымдастырылған профессоры Пол Асунда (Paul Asunda) жүргізді. Жоба қатысушылары қазір Қазақстандағы STEM оқыту әдістері төңірегінде ғылыми мақала жазып жатыр.

АҚШ елшілігінің аталмыш гранттық жобасына Қазақстанның 30-дан астам жоғары оқу орындары өтінім беріп, жоба ұсынған. Олардың ішінде еліміздің 5 университеті грантқа ие болды. Елшілік ұсынған әр жобаның құны 24 мың АҚШ долларын құрайды. Мұндағы басты мақсат – АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтып, ынтымақтастықты арттыру.

2023 жылдың қараша айында Жұбанов ғалымдары Пурдью Университетінде болды. Олар Технология және инновация факультетінде өткізілетін STEM сабақтарына қатысып, арнайы оқыту әдістерімен танысты.

АҚШ-та біліктіліктерін жетілдірген Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамы алдағы уақытта Пурдью университеті «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасы арқылы ғалымдарды тағылымдамадан өткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын айтты.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты