Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері үшін Ресей нарығын ашты

16.01.2024, 20:47
399
Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері үшін Ресей нарығын ашты canva

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясы Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы kazinform хабарлап отыр.

 

Шешім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев арасындағы желтоқсандағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде қабылданды.

«Қазақстандық өнімді экспорттаудағы кедергілерді жою жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде. Бұл - Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды қадам, қос ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті министр.

2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ауруының пайда болуына байланысты РФ-на қазақстандық өнімнің импорты шектелген болатын. Алайда, 2 жылдық үзілістен кейін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының вакцинациясымен ресми қолайлы аймақ мәртебесіне ие Қазақстанның аймақтарынан алынған мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге нарық ашылады. Қалған өңірлерде жұмыс жалғасады.

Келісім аясында Ресейге сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ өзге де ет өнімдерін экспорттау қолжетімді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің ауылшаруашылық министрліктері «ЕАСУ» АЖ ақпараттық жүйелерін «Аргус-Фито» ФМАЖ және «Меркурий» (Россельхознадзор) ФМАЖ-мен интеграциялауды жоспарлауда. Бұл ветеринарлық-бақылау процедураларын жеңілдетуге және оңтайландыруға, қажетсіз кедергілерді жоюға, шекараларда бақылаудан өту уақытын автоматтандыруға және қысқартуға мүмкіндік бермек.

Айта кетерлігі, екі елдің тауар айналымының көлемі бірдей емес. Қазақстанның Ресейден тасымалданатын импорты экспорттан әлдеқайда артық. Сондықтан, Айдарбек Сапаров Ресей нарығына қазақстандық өнімді жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін де айтты.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты