Қазақстанға Отырардан шыққан ғұлама ғалым Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы жеткізілді

18.01.2024, 18:14
236
Қазақстанға Отырардан шыққан ғұлама ғалым Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы жеткізілді gov.kz

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Отырардан шыққан ғұлама әрі ақын Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар. Кітап атауының қазақша аудармасы «Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері» деп аталады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді.

Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек - 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан анықталып, көшірмесі алынды.

«2022 жылы архивтің қызметкерлері елге жеткізген «Ас-Сихах» еңбегі ғалымдар тарапынан зерттелуде. Құнды мұраның елімізде жоқ түпнұсқасының бір бөлігінің табылуы маңызды жаңалықтың бірі саналады. Себебі Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің бұл шығармасы жалпы 6 томнан тұрады. Осыған дейін ғұламаның «Ас-Сихах» еңбегінің бір томы Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында қолжазба күйінде сақталған болатын. Мұнан бөлек бұл құнды еңбектің әртүрлі қолжазба нұсқалары Лондон, Берлин, Лейден, Париж қалаларындағы кітапханалардың қорында бар. Архив мамандарының Мысырдан тапқан нұсқасы елдегі нұсқаларды толықтыратынына сенім мол»,- деді Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми өкілдері Ресей, Франция, Қырғызстан, Белоруссияның мемлекеттік архивтерінде, сонымен қатар, Түркия, Иран, Египет сияқты елдердің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеп, Қазақстан тарихына қатысты барлығы 20 мың парақтан астам құжат анықтап, көшірмесін әкелді.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды