«Басқа ұлттар үшін қазақтарды кемсітіп жүрді»: Уәлихан Қайсаров Назарбаев туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 17:21
854
«Басқа ұлттар үшін қазақтарды кемсітіп жүрді»: Уәлихан Қайсаров Назарбаев туралы айтты collage smartnews.kz

Бұрынғы сенатор экс-президент туралы не деді?

Назарбаев өзге ұлт өкілдері үшін қазақтардың мүддесін құрбан етті. Осындай пікірімен қоғам қайраткері Уәлихан Қайсаров «Не может быть/Мүмкін емес» youtube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Уәлихан Қайсаровтың сөзінше, егер Назарбаев Кеңес Одағының президенті болса, онда барлық қазақтарды империя мен билік үшін құрбандыққа шалатын еді.

«Кеңес Одағы құлаған кезде Алматыда бір ғана қазақ мектебі болған. Ол кезде халық саны 750 мың болған Қарағандыда бір қазақ мектебі болған. Қазақ тілі Назарбаевтың тұсында Тәуелсіз Қазақстанның тұсында әрен-әрен дамытылуда. Ол экономиканы да, қазақ ұлтын да, қазақ тілін де жойып жіберер еді. Ол менің түсінігімде қазақтарды шын жүректен жек көретін адам. Неге екенін білмеймін, бірақ ол қазақтарды жек көреді. Мүмкін оны бала кезінде ұрып-соғып, ренжіткен шығар. Бірақ ол қазақтарға зұлымдық жасады», - деді Қайсаров.

Бұрынғы сенатор Назарбаевтың 30 жыл бойы жүргізген саясатын бақылап, өзге ұлт өкілдері үшін қазақтардың мүддесін құрбан етті деген пікірге келді.

«Ол әрдайым басқа ұлттар үшін қазақтарды кемсітіп жүрді, әрдайым қазақтардың мүдделерін шеттеті, тек орыстар ештеңе ойлап қалмас үшін, немістер де, украиндар да жаман бір нәрсе ойлап қалмасын деп. Қазақстанда ол ешқашан қазақтар туралы ойлаған емес. Егер ол Кеңес Одағының басшысы болса, онда ол бүкіл қазақтарды қанғыртып жіберер еді. Елдің тас-талқанын шығарып, сатып жіберетін еді. Қазақ тілі де, шекарасы да болмас еді, Қазақстан заңнамасы да болмас еді. Тек басқалар ол туралы жаман ойламасын деп. Өзін соншалықты көрнекті етіп көрсету үшін», - деді Уәлихан Қайсаров.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты