Сәтбаев Университеті Wisconsin-Madison университетінің делегациясын қабылдады

21.01.2024, 10:12
377
Сәтбаев Университеті Wisconsin-Madison университетінің делегациясын қабылдады gov.kz

Сәтбаев Университетіне Wisconsin-Madison университетінің делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері, Алматыдағы АҚШ консулдығының және Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестің өкілдері келді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесу барысында екі жақ тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты білім және ғылым саласында компьютерлік ғылымдар, экология және тіл салалары бойынша талқылады.

«Ынтымақтастық қарым-қатынасымыз студенттер үшін, әріптестер мен екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», - деді кездесуде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Елшіліктің мәдениет жөніндегі қызметкері Колин Гард пен Консулдықтың қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің көмекшісі Чад Киннирден басқа, кездесуге университеттердің American Councils for International Education серіктестік бағдарламасының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев қатысып, Сәтбаев Университетінің American Councils жобаларына қатысатыны туралы айтып берді.

Университеттер кездесуі – таңдаулы қазақстандық және американдық университеттер арасында тығыз ынтымақтастық байланысты ұйымдастыруға бағытталған American Councils for International Education ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында American Councils қазақстандық университеттерге жоғары білім менеджменті саласында білім береді және екі елдің университеттері арасындағы серіктестікке қолдау көрсетеді.

Осы ауқымды бағдарлама аясында 2023 жылдың наурыз айында Сәтбаев Университеті персоналды басқару және қаржылық менеджмент саласы бойынша ғылыми жоба әзірлеу үшін American Councils-тен грант алған болатын. Университет мамандары бұл жобаны Мэдисондағы Вашингтон университетінің қаржы және HR бөлімінің басшысы Даниел Лангердің жетекшілігімен жүзеге асырды, ол бизнес және тәуекелдерді басқаруға стратегиялық жетекшілік ету жөніндегі үлкен тәжірибесімен бөлісті.

Жоба американдық сарапшыларға American Councils пен Wisconsin-Madison университеті бірлесіп ұйымдастырған университеттерді басқару және қаржылық менеджмент бойынша семинар барысында ұсынылды. Жобаға қатысушылар American-Councils сертификаттарымен марапатталды.

Wisconsin-Madison университеті – АҚШ –ның Мэдисон қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті. Университеттердің халықаралық QS рейтингінде ол 102-ші, ал Times Higher Education рейтінгінде 63-орында. Сонымен қатар бұл американдықтарға тілдік бағдарламалар ұсынатын маманданған бірегей университет, онда қазақ тілін оқыту бағдарламасы да бар. Осы университеттегі «Қарқынды қазақ тілі» жазғы бағдарламасы Орталық Азия тілдері арасында ең танымал тілдік курс болып саналады.

Осылайша, Сәтбаев Университеті мен Wisconsin-Madison Университеті арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас ғылыми жұмыс пен білім беру саласы үшін ғана емес, екі ел өкілдерінің достық қарым-қатынасы үшін де кең мүмкіндіктер ашады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты