Физика-техникалық институтының ғалымдары ванадий аккумуляторының прототипін жасауда

25.01.2024, 14:54
446
Физика-техникалық институтының ғалымдары ванадий аккумуляторының прототипін жасауда gov.kz

Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының жас ғалымдары – ғылыми қызметкер Арман Өмірзақов пен PhD докторы Әлжан Байменов ванадий аккумуляторында қолданылатын ванадий электролитін тазартып өндірудің отандық технологиясын жасауда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Яғни литий-ионды аккумуляторларында өрт және жарылыс қаупі өте жоғары болғандықтан ванадий аккумуляторлары литий-ионды аккумуляторларға балама бола алады. Ал ванадий аккумуляторлары қауіпсіз ғана болып қоймай, сондай-ақ олар экологиялық тазалығымен де ерекшеленеді. Себебі олар ұзақ уақыт қызмет етіп, қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын электролиттерді утильдеуді қажет етпейді.

Алынған нәтижелерге сәйкес, алдағы уақытта ванадий аккумуляторларының өндірісін қолға алу жоспарлануда. Себебі күн мен жел энергиясын бірлесіп пайдалану жаңартылатын энергия көздерінің экономикалық тиімділігін ондаған есе арттырады және жоғары деңгейлі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Әлемдік тәжірибеде тотығу-тотықсыздандыратын батареялар үшін ванадий электролиттерін өндіру қарқынды дамуда, өйткені ванадий аккумуляторы – мәңгілік энергия қоймасы ретінде жұмыс істейді, ал оның жұмыс температурасының диапазоны 10-40 градусқа дейін болады.

Ванадий аккумуляторлары энергия сақтау қоймалары ретінде үнемі экологиялық таза, жылдам және тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Аккумуляторлардың жаңа буыны жоғары сенімділікпен, сақтау тұрақтылығымен және өте жылдам уақыт реакциясымен сипатталатын болады, әрі оларды күнделікті энергетикалық жүйелерде қолдануға болады. Кез келген электр қуатының үзілуі кезінде олар резервтік қуат көзі ретінде сезімтал жүйелердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар сенімді және мықты электр желісі жоқ жерлерді электр көзімен қамтамасыз етуге кепілдік бере алатын қабілетке ие.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты