«Назарбаев саяси коррупция жасады» – Омар Жәлел (видео)

Аиса Махамбет Редактор
27.01.2024, 16:16
754
«Назарбаев саяси коррупция жасады» – Омар Жәлел (видео) видеодан алынған кадр

«Не біздің шартымызға көнесің, не биліктен кетесің»

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Омар Жәлел экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы сөз қозғап, Barys Media арнасына сұхбат берген.

Абайтанушыға қойған «Назарбаев орнатқан жүйе қай жерден қателесті?» деген сауалға Омар Жәлел «коррупция» деп жауап берді.

«Коррупция. Оның түр-түрі болады екен. Экономикалық, саяси коррупция дегендей. Оның ең ауыры - саяси коррупция. Әзірбайжан сарапшысы Фикрет Шабанов бір журналиске берген сұхбатында «Қазақстанда саяси коррупция орнады» деген. Ол айтады, батыстың инвесторлары тәуелсіздік алған кезде Қазақстанға келіп «не біздің шартымызға көнесің, не биліктен кетесің» деген. Сонда біздің билік сол инвесторлардың шартын қабылдады.

Мемлекет басшысы өз орнын сақтау үшін коррупцияға барған адам. Назарбаевтың сол шешімінің ащы зардабын көріп отырмыз. Соны Тоқаев өзгертуге тырысып жатыр, бірақ оның тамыры терең, жою қиын»

Осылайша абайтанушы Назарбаев өз билігін сақтап қалу үшін коррупцияға барғанын, қазір Тоқаев оны өзгерткісі келсе де, 30 жыл бойы тамырлап кеткенін түсіну керек екенін айтты.

Сондай-ақ ол бұл мәселелерді неге бұрынырақта айтпағанын, «Саяси коррупцияны таңдаған елде тоталитарлы жүйе орнайды. Халық көтеріледі, халық белсенділері бас көтереді. Бірақ оның бәрін қағып тастап отырды» деп түсіндірді.

 

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты