Қазақстандық ғалым көз ауруын емдеудің тиімді тәсілін ойлап тапты

29.01.2024, 12:10
504
Қазақстандық ғалым көз ауруын емдеудің тиімді тәсілін ойлап тапты canva.com

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, PhD Гузель Абилова Ұлыбританиядағы Рединг университетінің Химия, өнімдер және фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянскиймен бірлесе көз ауруын емдеудің тиімді әдісін ойлап тапты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ғалым бірнеше жылдық зерттеулерінің нәтижесінде көзге арналған линзаға ұқсас өте жұқа полимерлі дәрілік пленкалар жасап шыққан.

Гузель Қабілетқызының айтуынша, офтальмологиялық дәрілік пленкаларды жасау идеясы 2016 жылы докторантураға түскен кезде пайда болған. Биополимерлер негізінде пленкалық материалдар түріндегі дәрілік формалардың дамуы ғылыми қызығушылығымды тудырған. Осыған дейінгі зерттеулерді зерделей келе, көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарына қолдануға арналған полимерлер негізінде жаңа пленкалы дәрілік формалар жасауға болады. Пленкалар дәрілік заттардың дозасын және шығынын айтарлықтай азайтады. Бастысы – денсаулыққа ешқандай зиянды әсері болмайды.

Сонымен қатар полимерлі көз пленкалары көзге арналған тамшылардың негізгі кемшіліктерін жоюға мүмкіндік бермек. Көзге арналған тамшылардың емдік мерзімі қысқа болады. Көбіне тамшылар көз жасымен қоса немесе басқа да түрлі себептермен сыртқа шығып кетеді. Ал бұл жасаған полимерлі пленка көз жасымен байланысқа түскен кезде бірте-бірте еріп, препарат ұзақ уақыт бойы көз ішінде сақталады. Импортталған фармацевтикалық нарықта полимерлерге негізделген көз дәрі-дәрмектерінің түрлері бар. Жұбановтық ғалым жасаған көзге арналған дәрілік пленкалар бактериалды этиологияның көз ауруларын емдеуге арналған. Яғни бұл микробқа қарсы препараттардан, атап айтқанда, ципрофлоксацинмен әсер ететін антибиотиктен әзірленген.

Полимер негізінде жасалған дәрілік форма босатылған дәрілік препараттың мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Дайындалған көз пленкалары 6-8 сағатқа дейін емдік әсерін бере алады. Алдағы уақытта ғалым дәрі-дәрмектің әсер ету уақытын мүмкіндігінше ұзақ уақытқа арттырудың әдіс-тәсілдерін анықтауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, Гузель Қабілетқызының «Жергілікті дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған функционалды биополимерлер негізінде пленкалы дәрілік формалар» тақырыбындағы жобасы 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды.

Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)