«Назарбаев жақсы көретіндей келіншек емес» — Жақсылық Досқалиев

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2024, 14:47
714
«Назарбаев жақсы көретіндей келіншек емес» — Жақсылық Досқалиев collage smartnews.kz

«Оның жазған әнұранын әлі де қолымызды кеудеге қойып айтып отырмыз»

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Назарбаев тақтан түсті деп тас лақтыруға болмайды. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында осындай пікір қалдырды.

Сұхбат барысында Досқалиев журналистің  «Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы көресіз бе?» деген сұрағына жауап берді.

«Ол жақсы көретін қыз емес, келіншек емес. Адам ата-анасын және жарын жақсы көреді. Назарбаевты жақсы көресің бе деген дұрыс емес. Ол президент болды. 30 жыл қатарынан отырды. Патша болып отырды. Солай емес пе? Оның жазған әнұранын әлі де қолымызды кеудеге қойып айтып отырмыз. Әңгіме жақсы көргенде емес, адамгершілікте. Біреу кетті екен, тақтан түсті екен деп тас лақтыруға болмайды. «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деп айтқан. Қазақ философ қой. Өмір ол бүгін былай, ертең – былай», - деді Досқалиев. 

Халықты құрбақаға теңеуге болмайтынын айтып, сұхбат алушы журналист адамдардың бұрынғы режимнің былықтарын әшкерелеуді қалап отырғанына назар аударды.

«Бұған еруге болмайды. Мен жаңа халықтың бәрін құрбақа деген жоқпын. Назарбаев тақта отырғанда, ешкім ештеңе деген жоқ. Мына әңгіме көтерілген жоқ. Тақта отырғанда неге көтерілмеді? Мен жақтап отырған ештеңем жоқ. Жағымпаз болғым келіп отырған жоқ. Қоғам сондай болды. Сол уақытта ашық айтқан батырлар түрмеге жабылды. Айтатын нәрсе сол кезде айтылу қажет. Ал менің ызам келетіні, кеткен адамның артына тас лақтырайық дегенді. Мен ондайға бармаймын», - деді Жақсылық Досқалиев.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты