Блогер Талғардың орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде «ваннаға түсті»

Аиса Махамбет Редактор
04.02.2024, 16:32
522
Блогер Талғардың орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде «ваннаға түсті» видеодан алынған кадр

Жолды бөгегені үшін жауапкершілікке тартылады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, блогерлер автокөлік ұтысына қатысу үшін Талғардың орталығында пранк ұйымдастырды. Видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Кадрлардан әкімдік алдында орналасқан алаңдағы жаяу жүргіншілер өткеліне көбігі бар ванна қойылғанын, онда костюм киген жас жігіттің жатқанын көруге болады. Блогер бөтелкені ашып, қызыл шарапқа ұқсас сусын ішеді.

2 ақпан күні сағат 23:00 шамасында болған оқиғаға Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов түсінік берді. Оның айтуынша, орталық көшедегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысына кедергі жасаған 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Оқиғаны камераға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқандар да анықталып, ұсталды. Бұл деректі аудандық полиция тіркеді және қозғалысқа кедергі жасағаны, сондай-ақ көлік құралын тұраққа қою және тоқтату ережелерін, сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттама жасалды", - деді Әленов.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс материалдары кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды