Altynsarin Institute: «Серпін-2050» жаңа серпіліс кезеңі

05.02.2024, 19:43
269
Altynsarin Institute: «Серпін-2050» жаңа серпіліс кезеңі gov.kz

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» делегациясы Altynsarin institute-ның қабырғасында болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шара Түркістан облысынан «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына оқуға түскен студент жастармен кездесуді мақсат етті.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы бастаған топтың құрамында ресурстық орталықтың басшылары мен мектеп директорлары, жастар ісінің эксперттері бар. Олар кездесуде оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Нақтырақ айтқанда, Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы мен «Жаратылыстану табиғи-тарихи» мұражайында, студенттік жатақханада болып, Мобильді планетарийді тамашалап, оқу дәрісханалары мен атаулы аудиторияларды аралады.

Ең негізгісі «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен 1-4 курс студенттерімен жүздесіп, пікір алмасты. Студенттердің орналасуы, оқу үлгерімі, педагогикалық біліктілігі, болашақтағы жоспары туралы тақырыптарды қамтыған кездесу еркін сұхбаттасу форматында өрбіді.

Кездесу барысында ректор Ержан Әмірбекұлы қонақтарды қабылдап, оқу үрдісі мен Торғай даласының тарихына қатысты мәліметтерге тоқталып өтті. Ол өз сөзінде:

«Дала ұстазы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Алаш қайраткерлерінің кіндік қаны тамқан Торғай жері ғылым мен білімнің қара шаңырағы саналады. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов, қайраткер М.Дулатұлының рухы бар оқу ордамыз педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлайды. Бүгінгі жастарымыздың болашақ буынның үздік ұстазы боларына үлкен үміт артып отырмыз», – деді.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама шеңберінде оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды