Былтыр Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді?

09.02.2024, 18:45
701
Былтыр Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді? twitter

Көліктердің құны қанша?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 2023 жылы 149 150 жеңіл автокөлік құралдары кедендік рәсімдеуден өткен. Бұл көліктердің жалпы құны 2,9 миллиард АҚШ долларын құрап, 385,9 миллиард теңге сомада кедендік төлемдер мен салықтар төленген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің дерегінше, негізінен автомобильдер 5 елден әкелінді: Қытайдан – 45 984 дана, Грузиядан – 39 395 дана, БАӘ – 20 320 дана, Оңтүстік Кореядан – 14 870 дана, Жапониядан – 11 438 дана.

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.

Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;

- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағынемесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;

- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет екенін атап өтеміз. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды