Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын

18.02.2024, 09:16
879
Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын gov.kz

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының алаңдарында өткен жиындарда Қазақстанавиация саласының Jet A-1 маркалы авиаотынын пайдалануға дайындығы талқыланды. 

Қатысушылар Jet A-1 авиаотынын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл рәсімдерін талқылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын ұлғайту туралы тапсырмасының стратегиялық маңызы атап өтілді.

Республикалық деңгейде өткен жиындарға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті (ААК), ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, ҚМГ-ге қарасты мұнай өңдеу зауыттарының, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Астана және Алматы әуежайларының, отандық жетекші әуекомпаниялардың және логистикалық тасымалдаушы мекемелердің басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесулерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), швейцариялық SGS зертханасының (сараптама және сертификаттау саласында әлемдегі көшбасшы, ҚМГ зауыттарында зертханалары бар), сондай-ақ JIG халықаралық қауымдастығының (Joint Inspection Group) сарапшылары қатысты.

ҚР ЭМ Мұнайды тасымалдау және мұнай өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев қазақстандық МӨЗ жаңғыртудан кейін 2020-2023 жылдары ТС-1 авиаотын өндіруді жылына 438,2 мың тоннадан 624 мың тоннаға дейін ұлғайтқанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаңғыртылған Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ айына 50-55 мың тонна көлемінде ТС-1/РТ орнына Jet-A1 шығаруға дайын.

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.Көлік министрлігі осыған дейін әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдаған болатын. Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғыртып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандартына сай шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

ҚазМұнайГаз өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға дайын екенін атап өтті. ҚМГ сарапшылары Jet A-1 авиаотынын өндіру үшін зауыттың тиісті қуатын толық қайта өзгерту керек деп түсіндірді, өйткені зауыттар екі отын түрін, яғни ТС-1 маркасын қатар шығара алмайды.

«RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО)