«Өз таңдауымыз бар»: Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисшінің әйелі төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 15:22
366
«Өз таңдауымыз бар»: Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисшінің әйелі төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты жеке Instagram парақшасынан

Ресейлік төлқұжатын неге ауыстырмай жүргенін айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконың әйелі Анастасия Потапова күйеуінен кейін өзінің де азаматтығын ауыстыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

ТАСС агенттігінің дерегінше, 2024 жылдың қаңтарында Шевченко ресми түрде ATP аясындағы жарыстарға Қазақстан атынан қатыса бастады. Осыған дейін Александр ресейлік теннисші ретінде танылды. Потапованың өзі де теннисші және ресейлік төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты.

– Жаңалықтарды оқымаймын деп айттыңыз, бірақ көбі күйеуіңізден кейін азаматтықты ауыстырады деп алаңдады.

– Маған ешкім ештеңе ұсынған жоқ және енді ауыстыру тым кеш. Өз командама немесе өзіме қатысты ештеңе өзгертпеймін. Бұрынғыша өнер көрсете беремін. Көп адам Настя кетеді деп қалжыңдайтынын білемін. Уайымдамаңыздар – Настя кетпейді. Настя қалады.

– Күйеуіңізбен осы тақырыпта әзілдесесіз бе?

– Жоқ. Білесіз бе, әрқайсымыздың өз таңдауымыз бар. Шын мәнінде, Александр туралы бәрі бұрыннан білетін – бұл жаңалық емес еді. Бір жыл бұрын белгілі болса да, бәрі енді жаза бастады. Сонымен қатар, Саша тоғыз жасынан бері Ресейде тұрмайды. Мен оның теннис туралы әңгімелеріне мүлдем араласпаймын. Ол шешімді өзі қабылдайды және менің әйел ретіндегі міндетім – кез келген талпыныс пен таңдауда оған қолдау көрсету. Ол бақытты, мен де бақыттымын.

Еске салайық, осығандейін Александр Шевченко Дохадағы ATP 250 турнирінің басында сәтсіздікке ұшыраған болатын.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды