Ақтөбеде оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады: қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 19:36
427
Ақтөбеде оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады: қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды ашық дереккөзден

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатып қаза болған қос оқушы мен мұғалімнің өлімі көпшіліктің есінен шыға қойған жоқ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, оқиға осыдан үш ай бұрын Ырғыз ауданында болған еді. Айыпталушы орнында сол күні көлік жүргізген мектеп мұғалімі жауап беріп жатыр.

КТК телеарнасы мәлімдегендей, Жаныс би ауылының бес оқушысы ұстазымен бірге аудан орталығына бара жатқан. Жолдың жартысына жеткенде жеңіл машина қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысады.

Соттың алғашқы отырысына марқұм оқушылардың ата-анасы да қатысты. Қаза тапқан оқушының бірі сотталушының туған қарындасы. Ол қамауда отырып бауырының қабіріне топырақ та сала алмады.

Жәбірленушілер бұл сынаққа да көндік деп отыр. Көлік тізгіндеген жүргізушінің ауыр жаза арқаламағанын қалайды.

Бірақ боранды күні олимпиада ұйымдастырып, шалғай ауылдардан оқушыларды тасымалдау жағын қарастырмағандарға өкпесі қара қазандай.

«Үшеуміз де ағайынбыз, іргелес көршіміз. Жаныс би деген кішкентай ауыл. Үш үйдің шаңырағы ортасына түсті. Болар іс басымызға түсті. Сол сынаққа көндік. Енді мынаған халықтың тілегі қабыл болса екен дейміз. Ауылдың бәрі осы балаға тілекші болып отыр. Қабыл болса екен, жеңілдігін берсе екен дейміз», - Гүлбану Бахманова.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды