Алғаш рет Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды

06.03.2024, 20:10
289
Алғаш рет Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

Салтанатты шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 70-тен аса жетекші әйел ғалым қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жыл бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті.

ХХ ғасырдың басына дейін әйелдерді ғылымға жақындатпаған әрі қабілетсіз деп санаған. Сол кездегі әйел ғалымдар көптеген кедергіні жеңуге, ерлердің бүркеншік атын алуға мәжбүр болды. Әйелдердің жұмысы мен ашқан жаңалығы көбіне ер ғалымдардың атынан жарияланған. 

Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған арнайы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалды.

 

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды