Атырау облысында жол апатынан екі көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
09.03.2024, 19:52
453
Атырау облысында жол апатынан екі көлік өртеніп, бір адам көз жұмды бейнежазбадан алынған кадр

Газель автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті. Жол апатының салдарынан бір жүргізуші мерт болды. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 9 наурызда болған.

«Бүгін таңертеңгі сағат 07:00 шамасында «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 74-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Бірі – Газель, екіншісі – КамАЗ. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөлік те өртеніп кетті. Ал, Газель автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер жол апатының себебін тексеру үшін «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы автокөліктердің қозғалыс уақытын зерделеді. Сол кезде Газель көлігі жүргізушісінің демалмастан тәулік ішінде Ақтау-Орал, Орал-Атырау бағытында жол жүргенін анықтады. 

«Тәртіп сақшылары жол ережелерін бұзбай, көлікті сақтықпен жүргізуді ескертеді. Көлік жүргізу үшін физикалық тұрғыдан дайын болу керек. Ал, алыс сапарға шыққанда, жол бойындағы кемпингтерде демалу қажет. Көлік жүргізушілері өзінің және өзгенің денсаулығы мен өміріне жауапты екенін естен шығармауы тиіс», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалдым Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Жиһаз алаяқтары: қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр