Республикалық оқушылар олимпиадасында астаналық команда 5 алтын, 6 күміс, 6 қола медальді қоржынға салды

23.03.2024, 12:08
222
Республикалық оқушылар олимпиадасында астаналық команда 5 алтын, 6 күміс, 6 қола медальді қоржынға салды gov.kz

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларда еліміздің намысын қорғайтын болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордадағы ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының салтанат залында математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Іс-шарада жеңімпаздарға марапатты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов табыс етті.

18-21 наурыз күндері Астана қаласында өткен олимпиадаға республикалық маңызы бар 3 қаладан, 17 облыстан және 5 республикалық мектептен (РФМС (Астана, Алматы), НЗМ, Абай атындағы ОӨМ, Жас Ұлан ОМ, 1 «Бөбек» ҰБОҚ мектебі) барлығы 26 команда қатысқан болатын.

Теориялық және практикалық турлардан тұратын олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 5 алтын, 6 күміс және 6 қола медальді қанжығасына байлады.

Математика пәні бойынша: Алтынбек Ерасыл, Таңсықбай Абзал;

Физика пәні бойынша: Жұмаділ Мұхаммедали, Даниэль Тюлюбаев, Амир Пшенбаев І орынды жеңіп алды.

Ал ІІ орынды математика пәні бойынша Саятұлы Абай, Алиасқар Сұдтанәлі, Сайлаубай Бексұлтан, Бекбосын Нұрсұлтан, Амангельдин Айбын, Керімхан Әлбар еншіледі.

ІІІ орынды математика пәні бойынша Ашкен Ілияс, Ырысбекұлы Бақжол, Несіпбек Әлинұр, Молдабек Әділбек;
Физика пәні бойынша Сабыров Мерген, Камалиев Әділхан иеленді.

«Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан