Крокус Сити Холлдағы шабуыл кезінде қыз өзін өлі етіп көрсетіп, өмірін құтқарып қалды

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2024, 17:54
4105
Крокус Сити Холлдағы шабуыл кезінде қыз өзін өлі етіп көрсетіп, өмірін құтқарып қалды ria.ru

"Крокус Сити Холлда" лаңкестердің шабуылынан зардап шеккендердің бірі өзін құтқару үшін өлі адам секілді ұстаған. Қыз жантүршігерлік оқиға туралы "112" Telegram-арнасында айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жәбірленуші аман қалу үшін өзін өлі секілді көрсетіп, еденге құлағанын айтты. Жақын маңдағы адамдарға шабуылдаушылардың бірі оқ жаудырды.

Лаңкестік шабуылдың куәгерлерінің айтуынша, белгісіз адамдар оның көзінше қызды атып өлтірген.

"Олар есіктің жанында тұрды. Бізді көрді. Олардың біреуі қайтадан бері қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудыра бастады", – деді қыз.

Куәгер қыз тек залда жалын тұтана бастағаннан кейін өзін құтқара алған. Алайда қазір ол ауруханада жатыр. Қыздың бүкіл денесін қатты күйік шалған.

Бүгінде дәрігерлер оған барлық қажетті ем-домды беріп жатыр. 

Еске салайық, Ресейдегі "Крокус Сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған лаңкестікке қатысты пікір білдірді. 

22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты