«Бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім»: 15 жастағы қырғыз жасөспірім теракт кезінде 100 адамды өлімнен құтқарып қалған

24.03.2024, 19:31
851
«Бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім»: 15 жастағы қырғыз жасөспірім теракт кезінде 100 адамды өлімнен құтқарып қалған Mash

Ресейлік ақпарат көздері Мәскеу маңында орналасқан "Крокус Сити Холл" концерт залында болған шабуыл кезінде 15 жастағы қырғызстандық Исламның жанқиярлық көзсіз ерлігін жарыса жазып, қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасөпірім орталықтың гардеробында жұмыс істеп жүрген. Теракт кезінде ол 100 шақты адамды ғимараттан аман алып шыққан.

Журналистердің мәліметінше, оқушының отбасы Ресейге Қырғызстаннан көшіп келгендеріне біраз уақыт болған. Исламның өзі Ресей Федерациясында туып-өскен. 

"Адамдар топырлап кетті. Оларды жақсы түсінемін. Мен де бірден қашқым келді. Алайда бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім. Қонақтарды дереу сыртқа шығарып, артынша өзім шығуым керек деп ойладым. Адамдарды ғимараттан алып шығып бара жатқанда соңынан еріп жүрдім. Себебі артымызда ешкімнің жоқ екеніне және басқалардың қалып қоймағанына көз жеткізгім келді", – деді ол журналистерге берген жауабында. 

Исламның айтуынша, барлық әкімшіліктегі қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі туралы бұған дейін нұсқау берілгенін айтты. Сонымен қатар ол сол нұсқауларды орындағанын атап өтті.

Лаңкестердің шабуылы кезінде жасөпірім Ислам адамдардың дүрбелеңге салынбауын қадағалаған. Ол дереу дәретхана жанына жиналған адамдар легін байқап, эвакуцияға жасауға әрекет етеді.

Ол адамдарды тар өткелден алып шығып, "Экспо" маңына бет алған. Ары қарай қызметтік есік арқылы қауіпсіз жерге шығып кеткен.

Айта кетейік, жасөспірім Ислам бос уақытында гардеробта жұмыс істейді және "Спартак" балалар футбол клубында ойнайды.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты