Тұрғындар алаяқтық бойынша арыз жазса да, іс қозғалмаған - Ринат Зайытов

27.03.2024, 14:51
195
Тұрғындар алаяқтық бойынша арыз жазса да, іс қозғалмаған - Ринат Зайытов Мәжіліс

Осыған байланысты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовке, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Асхат Жұмағалиге депутаттық сауал жолдады.

Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар бұл жағдайды бір жақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін.

Мысалы, «Азия плюс» тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалар мен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар өз үйлеріне кіретін есігінің не кіреберісінің болмауына байланысты, күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр. Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16 наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілері анықталған. Онымен бұл мәселе біткен жоқ, бұл үйді тұрғындарға сатар кезде «Бизнес» санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде «Эконом» санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Сонымен қатар «Успешный дом» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да алаяқтық іс-әрекеттерге ұшырап отыр. Бұл көп өзекті мәселелердің біразы ғана, айта берсек, айлап тауыспайтындай зар бұл.

Мәселенің мән-жайын анықтамақ оймен бір емес бірнеше әрекет жасап көрдік. Халықты ойлап жатқан бірде-бір құзыретті орган көрмедік. Олар халықты ойлауға емес, халықпен ойнауға машыққандай көрінді өз басыма.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Парламент қабырғасында өткізген дөңгелек үстел де осы сөзімді растады.

Тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да, іс қозғалмаған.

Халықтың пайдасына шешілген сот шешімі орындалмаған.

Осындай да біздің заңдар қарапайым халықтың мүддесін қорғауға келгенде неге қауқарсыз бола қалады? Ал жауапты органдар кінәні бір-бірінен іздеп, әдеттерінше ақсерек-көксерек ойнап отыр.

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлейтін,

Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз?!

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша депутаттық сауал жолдаған әріптестерім депутаттар Д. Тұрлыханов пен Д. Мұқаевқа берген жауабында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Скляр мырза «Үкіметтің бақылауында» деген сүйікті сұйық жауабынан аса алмады. Қашқақтап қағаз шығындай бергенше, іске көшіңіздер мырзалар!

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Сіздерден:

1) Астана қаласы әкімдігі және құрылыс саласындағы оларға қарасты басқармалар қызметкерлеріне кешенді тексеру жүргізуді;

2) Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді;

3) Құжаттарға заңсыз қол қойып, лауазымын пайдаланып, заңды бұзған қызметкерлерге шара қолдануыңызды сұраймын, - деді депутат Р. Зайытов.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді