Тоғызқұмалақ ойынына қызығушылар Колумбия елінде де көбейіп келеді

03.04.2024, 19:37
345
Тоғызқұмалақ ойынына қызығушылар Колумбия елінде де көбейіп келеді Тоғызқұмалақ федерациясы

Адамның ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейтін ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ – мұхиттың арғы жағында да танымал спорт түрі.

Осы зияткерлік ойынды Латын Америкасына алғаш Оскар Фахардо есімді азамат таныстырған деп хабарлайды 24.kz.

Ол тоғызқұмалақ туралы тұңғыш рет 2005 жылы біліп, кейін оның ережесін интернет арқылы меңгеріп алған. Сосын ағаш шеберіне тоғызқұмалақ тақтасын жасатып та алыпты.

2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғаннан бастап Оскар Фахардо Колумбия атынан бірнеше халықаралық сайысқа қатысып, жүлдегер атанды.

Бұл ойында мені қатты қызықтырғаны тұздық ережесі. Қарсыластың отауын иемденіп алатын осы бір ерекшелік ойынды нағыз стратегиялық майданға айналдырады. Сондай-ақ, Орталық Азия халықтарының мәдениетімен танысудың тың жолы болғандықтан, әрі жеке федерациясы бар салмақты ойын түрі болған соң қызығушылығым арта берді, - дейді тоғызқұмалақтан 200-ге жуық шәкірт тәрбиелеген Оскар Фахардо.

Тоғызқұмалақ ойнаумен 2019 жылдан бері айналысатын тағы бір Колумбия азаматы Херман Гонзалес ойынның зияткерлік құндылығын жоғары бағалайды. Қоғамдық кітапханадағы тоғызқұмалақ үйірмесіне жетекшілік ететін ол бұл ойынды оқытудың белсенді тәсілдерін қолданғысы келетінін айтты.

«Дәстүрлі оқытудағыдай кітап, дәптермен шектелмей, зияткерлікті дамытатын ойындарды бағдарламаларымызға қосып жатырмыз. Өздері де қызықты, мен де үйретуден жалыққан емеспін. Бұл олардың ойлау қабілеті үшін пайдалы. Шәкірттеріммен тоғызқұмалақтан Колумбия құрама командасына қосылып, түрлі жарыстарға қатысамыз. Балалар жүлдемен оралып жүр. Оскар Фахардо рекордын жаңартар мықтыларды тәрбиелеп жатырмыз», - деді ол.

Тоғызқұмалақ федерациясы – Ұлттық спорт қауымдастығының серіктесі. Қауымдастық құрамында «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

32 жастағы жігіт үйлену тойынан бас тартқан 16 жастағы қалыңдықтың басын шауып тастады Күзетшіні пышақпен қорқытып, сусын ұрлаған күдікті ұсталды "Сол" адамнан мені сақтап қалғанына шүкір": Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады "Қызыңның сүйектерін сындырамын": Қостанай тұрғын шетелдік күйеуінен тығылып жүруге мәжбүр ҚР Президенті Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады Биыл елімізде өрт қаупі жоғары болады – ТЖМ Алматыда белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды Мешіттегі намаз уақытында бір-бірін сабай жөнелген ер адамдардың әрекеті елдің қызу талқысына түсті Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы кісі өліміне әкелді Алматыға ең көп турист Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан келеді Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті Олжас Бектенов авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешуді тапсырды "Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалдым Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды