«Назарбаев кешіре алмады»: жазушы Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың ажалы туралы

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 17:52
2426
«Назарбаев кешіре алмады»: жазушы Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың ажалы туралы aqorda

"Сараның өзі қылмыскер" дейді жазушы.

Smart News басылымының хабарлауынша, жазушы Дулат Исабеков Adam youtube арнасына берген сұхбатында саясаткерлер Алтынбек Сәрсенбаев және Заманбек Нұрқаділовтің экс-президент Назарбаевпен тартыстарына қатысты ойын бөлісті.

Қаламгердің айтуынша, Назарбаевтың оң қолы деп атаған Алтынбек Сәрсенбаев кейін президенттің жасырын саясатын түсініп, оған қарсы шыға бастады.

«Бірте-бірте арғы жағындағы мемлекет басқарудағы саясатына Алтынбектің көзі әбден жетіп болды. Содан кейін ажырай бастады. Содан кейін сынға ала бастады, сынай бастады, тіпті қарсы келді. Кейбір адамдар келесі сайлау болатын болса, Алтынбекті ұсынамыз деген пікірлер пайда болды. Оны Назарбаев кешіре алмады», ‒ деді жазушы.

Нұрқаділов «Назарбаевтан кем емеспін» деп сөзі үшін ажал құшты, деп ойлайды Исабеков. Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов президентке тік сөйлеп, сәл асыңқырап кетті.

«Бір мерекенің кезінде: «Ертең бірінші май болады, парад болады, сол кезде сіз екеуіміз айтысайық, телевизорға шығайық» дедіч Содан ақ костюмін киіп Нұрқаділов шықты: «Мені де жұрттар Назарбаевтан кем танымайды» деп. Бірақ Назарбаев сол жерде онымен айтысып отыра ма? Қатты қарсылық содан басталды. Одан кейін оның бүкіл саясатына қарсы шықты. Одан кейін өзінің мінезі де ұрмалы еді ғой. Сол мінезі де себеп болды», ‒ деді қаламгер.

Сұхбат жүргізуші «Назарбаев жүйесі Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың қанын мойнына жүктеді ғой. Ел осыны ұмытқан жоқ» деп айтып өтті. Дулат Исабеков ажал құшқан тек бұл екеуі емес екенін алға тартты.

«Талай журналистер кетті ғой. «Бөбек» қорындағы Сараның өзі қылмыскер. Талай ақшаны алып-алып, сол адамдарды жоқ қылып жіберіп жатты. Бұның бәрі қалды жабулы қазан боп, ешкім білмейді. Қарап тұрсаң криминальный семья», ‒ деді Дулат Исабеков.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты