Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр

10.05.2024, 11:16
335
Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Sputnik

«БАҚ өкілдеріне залдан шығуды сұраймын» деді судья Айжан Құлбаева.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесіне қатысушылар үкім шығару кезінде алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтарды дайындауға кірісті. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

– Тараптар алқа билердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылауы тиіс. Алқабилер мәселелерді талқылау және қалыптастыру кезінде кеңесу бөлмесінде болуы керек. Осы себепті алқа билерден залдан шығып, трансляцияны тоқтатуды, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне залдан шығуды сұраймын, - деді судья Айжан Құлбаева жұма күнгі сот отырысында.

Сұрақтар алқабилердің, БАҚ-тың қатысуынсыз және трансляциясыз дайындалады.

Еске сала кетсек, 6 мамырда сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтты. Қуандық Бишімбаев алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін мәлім етті. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, оларды кінәламауды өтінді.

Бақытжан Байжанов та бұрынғы сөздерін қайталады. Салтанаттың отбасына, жақындарына көңіл айтып, олардан кешірім сұрады.

“Мен ант етемін – сол кезде Салтанат өлім аузында жатқанын білмедім” дейді ол.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды