Тарихи тұлғалар қызметін бағалаудың ғылыми әдіснамасы әзірленбек

19.07.2023, 19:14
237
Тарихи тұлғалар қызметін бағалаудың ғылыми әдіснамасы әзірленбек gylym_jogary_bilim

Елімізде алғаш рет «Тарихи тұлғалар қызметін зерттеу мен бағалаудың ғылыми әдіснамасы» әзірленеді. Мұндай идеяны Мемлекет тарихы институтының перспективалық міндеттерін талқылау аясындағы жиында ғалымдар ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Мұндай әдіснаманың қажеттілігі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында тарихи сана-сезімді жаңғырту басымдығында айтылған негіздерден туындап отыр. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты сөйлеген сөзінде «Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет… Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі орнықты даму тұрғысында тарихи тұлғаларды бағалау маңызды», - деп жазылған министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Институт ғалымдары аталған әдіснаманы дайындауда «жергілікті, өңірлік және ұлттық» деңгей бойынша топтастыруды басшылыққа алмақ.

«Осыған дейінгі 1992-2023 ж.ж. тарих ғылымы бойынша қорғалған диссертацияларға назар аударсақ, 772 диссертацияның 55-і түрлі кезеңдегі тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі, мұраларына арналған. Дегенмен де, қазіргі күн тұрғысында тұлғалардың тарихи шынайылығын қалпына келтіру, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосқан қайраткерлер туралы да пайымдалуы ұлттық отаншылдық құндылығы мен өзіндік мотивация бастауының түрлі көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті