IT саласындағы әйелдер тасқыннан зардап шеккен балаларға планшеттер мен ұялы телефондар жібереді

17.04.2024, 19:41
134
IT саласындағы әйелдер тасқыннан зардап шеккен балаларға планшеттер мен ұялы телефондар жібереді pixabay.com

«Technowomen Қазақстан» үкіметтік емес ұйымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы оқушыларға білім алу процесін үзбеу үшін планшеттер, модемдер мен ұялы телефондар жібереді.

Бұл туралы елордада «TECHNOWOMEN СENTRAL ASIA: AI FUTURE» форумында айтылды.

Форумның алғашқы күнінде тасқыннан зардап шеккендер үшін гуманитарлық жиын жарияланады.

«Іс-шараның үш күнінде көп күтілетін қатысушыларымыздың көмегімен біз қаражат жинап, оларды зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағыттай аламыз деп үміттенеміз. Сондай - ақ, форумда катаклизмді бақылау, атап айтқанда, жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың көмегімен су тасқынын бақылау тақырыбында пікірталас өткізу туралы шешім қабылдадық», - деді Қазақстандағы «TechnoWomen» КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева.

Оның айтуынша, форумның биылғы тақырыбы жасанды интеллектке арналады және су тасқыны жағдайында ЖИ көмегімен табиғи апаттардың алдын алу әдістері талқыланбақ.

«Біз су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін «Жалғыз емессің» акциясын іске қостық. Онлайн психологиялық кеңес беруді ұйымдастырдық және қазір онлайн заңгерлік көмекті қосып жатырмыз. Бұл жоба бірнеше күн бойы жұмыс істейді және қазірдің өзінде тасқыннан кейін қалыпқа келу үшін цифрлық дағдыларды үйренуге дайын әйелдерден кері байланыс алдық. Олар іс жүзінде жаңа өмір бастайды және интернеттің көмегімен ақша таба алады. Тақырып өте өзекті. TechnoWomen жобасының миссиясы – цифрландыруды көпшілікке жеткізу», - деді Ә.Шужеева.

Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады