Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғыны елден шығарылды

18.04.2024, 13:26
162
Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғыны елден шығарылды Halyq Uni

Аталған фактіні Алтай қаласының полиция қызметкерлері анықтады.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының азаматы 43 жастағы ер адам бір жылдан астам уақыт бұрын Ресей азаматтығын алған. Алайда ол бұл туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде хабарламаған. Құқықбұзушыға қатысты тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал кейінірек аудандық сотта қаралып, оның қаулысымен шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданған.

Тәжірибе көрсеткендей, құқықбұзушылардың қос азаматтық алуының бірнеше себептері бар. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, материалдық артықшылықтар алу, зейнетақы есебі, мұраға ие болу, бала туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдікке ие болу.

Жыл басынан бері ШҚО көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтығы бар 15 азаматты анықтаған. Олардың 5-еуі Қазақстан аумағынан шығарылды.

ШҚО полиция департаменті басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде ҚР азаматы 30 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарына немесе шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне хабарлау арқылы Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы мәлімдеуі, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет екенін ескертеді.

«Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды