ҚР ІІМ: су басу салдарынан қаза болу фактілері тіркелген жоқ

18.04.2024, 15:15
194
ҚР ІІМ: су басу салдарынан қаза болу фактілері тіркелген жоқ ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі қайтыс болғандар қауіпсіздік талаптарын бұзғандықтан мерт болды деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға 5,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі, сонымен қатар ІІМ оқу орындарының курсанттары қатысып жатыр. Полиция ведомствосының 828 техникасы жұмылдырылған. Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 

«Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы су басу қаупі бар аймақта қалып кетпеуі үшін елді мекендерде жаппай рейд жүргізуде. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция су тасқынынан зардап шеккен 59 елді мекенді қоршауға алды. Қазір ішкі істер органдарының күзетінде қараусыз қалған 11 мыңнан астам тұрғын үй мен басқа да нысандар бар. Ұрлық-қарлыққа жол берілмеді», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Сондай-ақ, ведомство өкілі үйлер мен басқа да нысандарды су басып, дәл соның салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелмегенін атап өтті.

«Жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны барысында 5 өлім фактісі тіркелді. Атырау облысында - 4 және Ақтөбе облысында - 1 факт. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар жоқ. Бұл жерде, барлық жағдайларда қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты: бірі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған; бірі су тасқынынын кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық фактілер бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізілуде. Ал, Түркістан облысында мұндай фактілер мүлдем тіркелген жоқ. Бұл жерде Ақтөбе облысындағы жағдай меңзелген болатын, онда кішкентай бала таяз суға құлап кетіп, көз жұмған», - деді спикер.

Ол қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға және оларға қол ұшын созуға шақырды.

Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады