"Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге": Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2024, 16:32
946
"Қолғап – 300 мың, шәлі – 600 мың теңге": Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды бейнежазбадан алынған кадр

ҚР халық әртісі, қоғам қайраткері Роза Бағланованың тұтынған заттары аукционға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның артында қалған ұлы мен келіні еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге ниет білдірген. Осылайша аңыз тұлғаның көзінің тірісінде тұтынған заттарын сатуға шығарған. 

“Апаның екі затын аукционға ұсындық. Барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Ұтқан жандарға апамыздың энергиясын берсін! Ырымдап қолғабын киіп, шәлісін жамылып жүрсін!”, – деп жазды Роза Бағланованың келіні Марал Тәжібаева. 

“Біз екеуміз” фильмінің жабық көрсетілімінде әртістің Louis Vuitton брендінің қолғабы мен құндыз жағалы шәлісі сатылымға шықты. Көрермен түрлі бағаны ұсынып, соңында Құралай Анарбековаға қолғабы мен журналист Айнұр Асанбердіге шәлісі бұйырды. 

Ұтысқа ие болған актриса Құралай Анарбекова аукционның видеосын Instagram парақшасында жариялады. Ол Роза Бағланова киіп жүрген қолғабын 300 мың теңгеге сатып алғанын көрсетті.

"Бұл бағалы заттарды қайырымдылық қорына сыйлық қылып ұсынамын. Басқа аукциондарда олар үлкен ақшаға сатылады. Өз миссиялары (мұқтаж жандарға аукцион арқылы қаражат жинап, көмек беру), орындай берсін", – деп жазды кинопродюсер.

Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді. Ал ұйымдастырушы Гүлнұр Мамасарипова аукционнан түскен қаражат толықтай қорға жіберілетінін растады. Кино саласының мамандары су тасқынынан зардап шеккендерге осылай көмектеспек. 

Айта кетейік, Роза Бағланованың қолғабын сатып алуға Гүлназ Жоланова да ниет білдірген көрінеді. 

Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды Еліміздің 6 өңірінде үсік жүреді