"Қайын атам ұзартқышпен ұрды": Алматылық әйел отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2024, 18:20
2598
"Қайын атам ұзартқышпен ұрды": Алматылық әйел отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ата-енем қор қылды. Алматы қаласының тұрғыны Айман Бердіқұлова "қайын жұртымнан көрмеген қорлығым жоқ" дейді. Айтуынша, күйеуі былай тұрсын, ата-енесі де қол көтереді екен. Балаларын алып баспанасынан безуге мәжбүр болған әйел "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отбасындағы әлімжеттіктің артқаны сонша, қайын атасы немерелерінің көзінше келінін ұзартқышпен ұрып, соққан. 

"Ас үйге кірген күйеуім қандай тамақ істеп жатқанымды сұрады. Мен оны естімей қалдым. Сол сәтте  "Сен мені игнорируешь" деп дастарханда тұрған алманы маған қарай жіберіп қалды. Қарсыласқаныма қарамай, жұлқылап келесі бөлмеге апарды. Онда отырған ата-енем мен балаларды шығарып жіберіп төпештей жөнелді. Біресе диванға, біресе жерге лақтырды. Мені мына жақта ұрып жатыр, ал ата-енем ас үйде шайларын ішіп отыр",-дейді бағдарлама кейіпкері Айман.  

Күйеуімен отасқанына  11 жыл болған әйел үйдегі кикілжің көп жағдайда қайын атасы тарапынан басталатынын айтты. 

"Атам эпилепсиямен ауырады. Көбіне агрессивті болып жүреді. Мінезін өзгеге емес маған көрсетеді. Кранның суын қатты ағыздың, ананы дұрыс істемедің, мынаны дұрыс істемедің деп бәрін өз бақылауында ұстайды. Мен күйеуіме емес, атама күйеуге шыққан сияқтымын. Соңғы рет балаларымның көзінше ұзартқыштың (удлинитель) шнурымен ұрды",-дейді кейіпкер. 

Ал енесі келіннің де кесірі болғанын айтып, өз тарапын ақтап бақты. 

"Келіннің мінезі өте ауыр. Өзінің анасының да сөзін тыңдамайды. Балаларды бізге қарсы қойып, қару қылып пайдаланады.Ұлым да бұның мінезінен мезі болып бітті. Екеуі бірге тұра алмайды", - деді енесі Гуля Құдабаева.

Қайын атасы соңғы ұрсыстың ұзартқыш шнурына бола шыққанын айтады. 

"Аулада жұмыс істеп отырған жеріме келінім келіп ұзартқыштың шнурын жөндеп беруімді сұрады. Ол жөндеуге келмейтінін айтып едім, жұлқынып лақтыра салды. Артынан іле шала үйге барып, жөндеуге келмейтінін қайталап айтып, мен де шнурды жерге лақтыра салдым. Бірақ ол айтқандай оған лақтырмадым. Осы уақытқа дейін әйел затына қол көтеріп көрмегенмін, келініме саусағымның ұшы да тимеген", - деп ағынан жарылды.

Ал Гуля Құдабаева ұзартқыш шнурын атасы келініне емес, керісінше келіні атасына лақтырғанын айтады. 

“Бізді осы жерге ел-жұртқа көрсетіп, масқара қылу үшін әкеліп отыр. Біздің істегенімізді керісінше жеткізіп отыр”,-дейді атасы.  

Отбасындағы жанжал үлкейіп, Айман Бердіқұлованың балаларын алып шаңырағынан безуімен аяқталған. "Ата-енемнің жәбіріне тойдым" деген ол ата-енесінен төрт немересіне баспана алып беруін талап етті.  

"Осы уақытқа дейін мені ол үйге тіркеуге де тұрғызбай қойды. Үй өздерінің атында. Мен балаларыммен пәтер жалдап тұрып жатырмын. Мені төрт балама баспана алып берсін, басқа мәселем жоқ",-дейді Айман. 

"Келінімнің көксегені үй. Үйді атына аударсақ, баяғыда бізді өз үйімізден қуып шығатын еді",-дейді өз кезегінде атасы. 

Ал келінінен көңілі қалған Гуля Құдабаева ұлы мен келінінің қайта қосылғанын қаламайтынын айтты. 

"Ұлым да қосылғысы келмейді. Біз жаман болсақ, екеуі бөлек те тұрып көрді. Онда да ұзаққа бармады. Балам да ұрыс-керістен әбден шаршады. Аузымызды ашқсақ болды келінім  "мен-ақ кінәлімін, мен-ақ жаманмын" деп айқайлап шыға келеді. Шыны керек артық сөйлеуге қорқамыз",-деп күйінді енесі. 

"Бұл отбасындағы жанжал екі әйелдің арасында болып жатыр. Әйелді әйел түсінбесе, айдаладағы еркек қайдан түсінеді? Араға ешкімді қоспай-ақ, өзара сырласып, түсінісулеріңіз керек еді. Болмайтын дүниені әңгіме қылып отырсыздар.  Екеуіңіз ене мен келін ретінде шай ішіп отырып-ақ ақтарыңыздан жарылып әңгімелесіп көрмегенсіздер",-деді бағдарлама сарапшысы.

 

Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды Әнші Тамара Асар ешкімге қарыз бермейтінін айтты Ұшақта өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті Көкшетауда дәрігерге дөрекілік көрсеткен әйел қамауға алынды Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан “Ақтарам түнге шерімді”: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлына жазба арнады