Ғылым және жоғары білім министрі ядролық физика саласындағы ғалымдармен кездесті

19.04.2024, 10:16
193
Ғылым және жоғары білім министрі ядролық физика саласындағы ғалымдармен кездесті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Кездесу барысында жобаны іске асыруға жас мамандар мен ғалымдарды тарту мақсатында «Болашақ» бағдарламасы талқыланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ультра суық нейтрондардың көзі» (УСН) Mega-Science жобасы бойынша халықаралық консультациялық топтың мүшелерімен, Лауэ Ланжевен институтының профессоры Валерий Несвижевский (Франция), Ядролық физика институтының бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұржан Садуев, Нагоя университетінің профессоры Хирохико Шимизу (Жапония) және Вирджиния университетінің профессоры Стефан Бэслермен (АҚШ) кездесті.

Кездесуде Министр Қазақстан Республикасы Шығыс пен Батысты байланыстыратын «көпір» екенін атап өтіп, ҚР-ның Ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық серіктестермен кооперациясын күшейткен түрлі бастамалар туралы айтып берді.

Профессор Несвижевский ССР-Қ зерттеу реакторында ұсынылып отырған «Ультра суық нейтрондардың көзі» Mega-Science жобасын іске асыру нейтрондардың үлкен ағындары бар жылу бағанының болуы, нейтрондар көзінің инфрақұрылымы мен ауқымды эксперименттік қондырғылар үшін жеткілікті орынның, сондай-ақ Ядролық физика институтында сараптаманың болуы сынды артықшылықтарына тоқталды. Бұл жобаны іске асыру мақсатында техникалық жобаны одан әрі әзірлеу және УСН көзін табысты іске асыру үшін ұсынымдарды бағалау және әзірлеу үшін халықаралық дәрежеде танылған сарапшылар мен ғалымдардан тұратын халықаралық консультациялық топ құрылғанын жеткізді. Аталмыш жобаны Министр толық қолдайтынын атап өтті.

Кездесу барысында жобаны іске асыруға жас мамандар мен ғалымдарды тарту мақсатында «Болашақ» бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ бірлескен PhD білім беру бағдарламаларының келешегі сөз етілді, оның қатысушылары шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының қос дипломдарын алады. Қолданыстағы ынтымақтастық тетіктері аясында профессор Бэслер мен Несвижевский Вирджиния университетінің және UGA Grenoble-дің осы ынтымақтастыққа серіктес ретінде қатысуын ұсынды. Атап айтқанда, Қазақстанның криогеника саласындағы мамандарын осындай криогендік жүйенің ең жақын аналогы қолданылатын TRIUMF-та (Канада) және нейтрондық физика мамандарын Лауэ-Ланжевен институтының халықаралық нейтрондық орталықтары мен Біріккен ядролық зерттеулер институтында тағылымдамадан өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

«10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды