Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды

19.04.2024, 10:53
288
Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды tengrinews.kz

Зардап шеккендер жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен. 

5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті. 

Ағымдағы жылдың 18 сәуіріндегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2602 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1499-ына бағалау жүргізілді. Нәтижесінде 794 үй жөндеуге келетіні, 701 баспананың қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды. Қазіргі уақытта 197 отбасыға баспаналарын жөндеу үшін жалпы сомасы 218,6 млн теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді. 

Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 

Бағалау және залалды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. ҚР Президенті атап өткендей, барлық зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. 

«Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесуінде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан келген залалға өтемақы алу үшін іс-қимыл алгоритмі жарияланған болатын.

«10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды