«Қызымның әкесінің төртінші әйелі болдым»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сыр шертті

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2024, 14:52
1444
«Қызымның әкесінің төртінші әйелі болдым»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сыр шертті жеке парақшасынан

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы бүкпесіз “Мамский әңгіме” подкастында баяндап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі екі рет тұрмыс құрып, ажырасқан еді. Салтай есімді ұл мен Айша есімді қыз тәрбиелеп отыр. 

“2015 жылы тұңғышымды дүниеге әкелдім. Ол кезде 30 жаста едім. 3 сағаттың ішінде баламды қолыма алдым. 3 күннен кейін перзентханадан шықтым. Бәрі табиғи жолмен болды. Бірақ омырау сүтін беруден өте қатты қиналдым. Дене қызуым көтеріліп кете берді. Екі балам да қатты жылады. Тынымсыз болатын. Ол маған әсер етті. Жүйкем тозып, қатты салмақ тастадым. Бойым – 172 см, салмағым – 49 келі болды. 5 айлық болғанда әкесі тастап кетті. Негізі, айтқым келмейді. Бізді де ене мен келін тақырыбы айналып өтпеді. Одан кейін ерлі-зайыпты болсақ та, екі қалада өмір сүрдік. Ол – Көкшетауда, мен – Астанада болдым. Қазір біраз уақыт өтіп кетті. Ол кісінің де жеке өмірі бар. Сондықтан өткенге оралғым келмейді”, – деп қысқа қайырды өнер иесі. 

Ал әнші екінші некесімен карантин кезінде танысып, бір аптаның ішінде тұрмыс құруға шешім қабылдаған. 

“Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар. Тәтті қызым бар. Қызымның әкесімен пандемия кезінде таныстық. Ол кезде намаз оқып, жүрегінде иманы бар жігітті жолықтырсам деп ойладым. Баламның әкесі діннен алыс еді. Намазхан болу – жігітке қоятын бірінші талабым. “Маған ешқандай жамандық жасамайды, баласын тастамайды” деп ойладым. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Имамды да үйге шақырып, неке қидырдық. Күйеуімнің артында тұрып, намаз оқу – арманым еді. 20 жылдан бері танитын досымыз араласып, нөмер алмастырып, жеңгетайлық жасады. Қажылыққа бірнеше рет барған деген сөзіне сендім. Балама көзқарасы жақсы болды. Қызын да әлікүнге дейін іздеп отырады. Сөйтіп, әкемнің алдынан өтіп, мені баламмен бірге алып кетті. Бірақ отбасылық өміріміз ұзаққа созылмады. Қызыма 8 айлық жүктілігімде кетіп қалдым. Ол жерде ұлым екеуіміз жалғыз қалдық. Мен күйеуімді дұрыс танымай шығыппын. Ол туралы ақпарат іздегенде де маған жалған мәлімет келген. Сөздің шыны керек, төртінші әйелі екенімді білдім. Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалады. Мен баламмен жалғыз қалдым. Әке-шешемді жерге қараттым деп ойладым. Тіпті, суицидке баруға да қадам жасадым. 16 қабаттан секіріп кеткім келді. Үйге “Назар” тобымдағы Еркежан келіп қалып, ойымды бөліп жіберді. Заңды неке болмады. Мұның бәрін не үшін айтып жатырмын, басқа қыздарға да сабақ болсын деп жасырмай отырмын”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

«10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды