«Менің күйеуім Бишімбаевты жақтайды, ол оны қорғаған сайын мен қатты қорқамын»: желі қолданушысының оқиғасы

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 12:51
1311
«Менің күйеуім Бишімбаевты жақтайды, ол оны қорғаған сайын мен қатты қорқамын»: желі қолданушысының оқиғасы бейнежазбадан алынған кадр

Айтуынша, күйеуі Бишімбаевты жақтайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қазір әйелін қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын қоғам жіті бақылауға алған. Осы тұста әлеуметтік желіде өздерінің де тұрмыстық зорлық-зомбылық көретіндерін айтқан әйелдер күйеулерінің Бишімбаевты қолдайтындарын мәлімдеген. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

TikTok желісінде жазба қалдырған әйел өзінің үш жылдан бері тұрмыста екенін, бір баласы барын және екіншісіне аяғы ауыр екенін жазады. Күйеуімен қатынасы жақсы емес екенін айтқан ол отбасында ұрыстың жиі болатынын жасырмайды.

“Жүкті болмас бұрын үйіме кетіп қалғанмын, енді бірнеше айдан бері арамыз жақсы. Барлығы өз орнына түскендей, бақытты өмір сүре бастадық. Бишімбаевқа қатысты атышулы сотты біз де қарап отырмыз. Оның кінәлі екені анық қой”, – деп жазады әйел.

Айтуынша, күйеуі Бишімбаевты  жақтайды.

“Ол бар болғаны 5-7 жылға ғана сотталуға лайық дейді ол. Сөзінше, бұл абайсызда адам өлімі болған қарапайым отбасындағы дау. Мені оның бұл позициясы шошытады. Біздің барлық ұрыс-керісіміз бен қол көтеру жайттары артта қалды деп ойлағам. Мен оның ақылы толысып, дұрысталды деп үміттенгем. Күйеуім оны (Бишімбаев – ред.) ақтаған сайын маған өте қорқынышты”, – дейді ол.

Бұл жазбаның астына жазылған пікірлер де өте көп және әралуан. Олардың ішінде әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған Бишімбаевты даттағандардың саны басым болғанымен, сотталушыны ақтайтындар да жоқ емес.

Мәселен, сондай қолданушылардың бірі: “Әйел дұрыс болса еркек ешуақытта мұндай әрекетке бармайды” деп жазған. Бұл пікірді жазған ер адам екенін атап өтудің маңызы бар. Мұндай пікірді жақтаған әйел азаматтар да кездеседі. “Әйелмін және менің пікірім де осындай”, – дейді олардың бірі.

Жазба астына өздерінің тұрмыстық зорлыққа ұшырағанын баяндаған әйелдер қауымы Бишімбаевқа қатаң жаза шығаруды талап еткен.

Меруерт есімді желі қолданушысы қоғам ішінде “Бишімбаевты жақтайтын ер азаматтардың көп екенін” атап өтіп, мұны “өте қауіпті” дейді.

Асқазанына ота жасалған Айшолпан Тілеутай аз уақытта 40 келі салмақ тастады Ұлттық құрама әлем кубогының алғашқы күні финалға жолдама алды 6 градус үсік, жаңбыр, қар: 3 мамырға ауа райы болжамы жарияланды «10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді